Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Депутат 31 желтоқсан демалыс күні болса қолдайтынын айтты

    Депутат 31 желтоқсан демалыс күні болса қолдайтынын айтты

    Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына берген жауабында жаңа жыл мерекесінің демалыс күнін 31 желтоқсанға ауыстырудың қаншалықты орынды екені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    — Шынымды айтсам, осы сұрақ мені де мазалайтын. 31 желтоқсан неге демалыс күні емес? 31 желтоқсанда көңіл-күйіміз мүлде басқаша болады. Есімде, оқушы кезімізде де, кейін де осы сұрақты қоятынбыз. Ондай шешім қабылданса, ешкімге жаман болмас еді деп ойлаймын. Шешім қабылданса, толық қолдайтын едім, — деді Асхат Аймағамбетов.

    Депутат бұл мәселе Парламенттің емес, Үкіметтің құзыретіндегі шаруа екенін еске салды.

    — Әрбір уәкілетті органның өз құзыреті бар. Бұл мәселе үкіметтің құзырында. Қосымша демалысты ауыстыру туралы шешім қабылданса, онда тұрған не бар, — деді Мәжіліс депутаты.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →