Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі? Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі?

    Ішкі істер министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтті

    Ішкі істер министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтті

    Ішкі істер министрлігі құқықтық тәртіпті және кез келген заң бұзушылық үшін міндетті жазалауды қамтамасыз ету шараларын күшейтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    – Басты қағидат – заң мен тәртіп.

    ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті жедел басқару орталықтары мен патрульдік қызметтің жұмысын белсенді қадағалауда.

    Жедел басқару орталықтары патрульдік полицейлердің жұмысын тәулік бойы бақылауда ұстайды. Қызметкерлер өздігімен сөндіре алмайтын «смартжетондармен» жабдықталған. Бұл құрылғылар белгіленген талаптардан ауытқуға мүмкіндік бермейді, барлық әрекеттер үнемі жазылып отырады.

    Бұдан басқа, жасанды интеллект қосылған бейнебақылау камераларынан алынған деректерді талдайтын жүйе қолданылады. Бұл кез келген құқық бұзушылықты анықтауға және оны жедел әшкерелеуге мүмкіндік береді.

    Полицияның жұмысы әрбір заң бұзушыны оның мәртебесі мен лауазымына қарамастан тиісті жауапкершілікке тартуға бағытталған. Ешкімге ешқандай артықшылық берілмейді.

    Патрульдік полицейлер заң талаптарын қатаң түрде сақтайтынын атап өткім келеді. Олардың тарапынан кез келген заңсыз әрекеттер үшін сәйкесінше жауапкершілік көзделген.

    Біз азаматтарды заңды сақтауға, полицейлердің заңды талаптарын орындауға, лауазымды тұлғаларға пара ұсыну әрекеттеріне бармауға шақырамыз.

    ІІМ және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арасында тиісті меморандумға қол қойылғанын еске саламын. Оның аясында жемқорлықпен күрес одан әрі нығая түспек.

    Егер сiз қызметкерлердің әдепсіз іс-әрекеттерінің куәсі болсаңыз, дереу ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментіне немесе 1402 сенім телефонына хабарласыңыз.

    Тек бірлесе жұмыс істей отырып, біз қоғамда қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті және әділеттікті қамтамасыз ете аламыз, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →