Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    Ұлттық банк доллардың күрт қымбаттауына байланысты мәлімдеме жасады

    Ұлттық банк доллардың күрт қымбаттауына байланысты мәлімдеме жасады

    Фото: nationalbank.kz

    Ұлттық банк елдің валюта нарығындағы ахуалға байланысты ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Бірқатар іргелі факторлардың нашарлауы салдарынан теңгенің айырбас бағамы АҚШ доллары үшін 500 теңге белгісін еңсерді. Қазіргі уақытта биржалық сауда-саттық бір АҚШ доллары үшін 518-519 теңге аралығында өтеді. 28 қарашадағы теңгенің орташа сараланған бағамы АҚШ доллары үшін 512,58 теңге болып тұр. Кешеден бастап 2,4% әлсіреді.

    Валюта бағамына сыртқы және ішкі факторлар теріс әсер етеді», — деп жазылған Ұлттық банк мәліметінде.

    Ресми мәліметте Қазақстанның валюта нарығындағы ахуалға ұқсас жағдай дамушы нарықтардың бәрінде байқалып тұрғаны айтылған.

    «Ұлттық Банк тұрақсыздандыратын ауытқуларды болдырмау үшін, теңгенің айырбас бағамының артық құбылмалылығын тегістеу үшін және шетел валютасының ұсынысын қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүргізеді.

    Ұлттық Банк валюта нарығындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді. Еркін бағам құру режимі жағдайында Ұлттық Банк айырбас бағамының қандай да бір деңгейіне бағытталмайды және оның трендіне кедергі келтірмейді. Оның қалыптасуы іргелі факторларға сәйкес одан әрі жүзеге асырылады.

    Қаржылық тұрақтылық тәуекелдері және іргелі факторларға сәйкес келмейтін айырбас бағамының шамадан тыс құбылмалылығы туындаған жағдайда, Ұлттық Банк әділ бағам түзілуін қалпына келтіріп, валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүргізуді жалғастыруға дайын», — деп жазылған Ұлттық банк мәліметінде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →