Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    «Телефонын бермегені үшін»: Ақтөбеде мектеп оқушысын қатарластары пышақтап тастаған

    «Телефонын бермегені үшін»: Ақтөбеде мектеп оқушысын қатарластары пышақтап тастаған

    Фото: istockphoto.com

    Ақтөбеде пышақ жарақатын алған оқушы жансақтау бөлімінде жатыр. Оны телефонын бермегені үшін қатарластары пышақтап тастаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Санының төменгі үштен бір бөлігі жарақаттанған. Тамырға зақым келмеген. Жанама беткей тамырлары зақымдалған. Түскен кезде ота бөлімінде алғашқы өңдеу жасалып, жарақатына тігіс салынды. Айтуынша, танымайтын үш-төрт бала телефон сұраған. Бұл телефонын бермеген. Пышақтаған, сосын қашып кеткен, — деді Ақтөбе облысы балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Рақымжан Әубәкіров.

    Оқиға Ақтөбе шетіндегі Оңтүстік-батыс ықшамауданында болған. Оқушыға пышақты өз үйінің қасында салыпты. Күдіктіні тәртіп сақшылары тергеп жатыр. Ол қаладағы колледждердің бірінің студенті екен. Бұрын бір мектепте оқыған. Жарақат алған жасөспірім оқитын мектеп басшылары екеуінің дос екенін айтады. Санына пышақты «абайсызда салып алды» дейді. Полицейлер қылмыстық іс қозғаған. Бірақ тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын ашып айтпай отыр.

    Өзінің досы, ойнап, көріп алған да, сол жерде жерге қадап отырғанда тізесінің үстіне қадалған. Сол ғана. Бала жақсы. Ата-анасы, барлығы хабардар. Бұл жағдай абайсызда болған,- деді Ақтөбедегі №10 мектеп директоры Индира Бексұлтанова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →