Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Астанада балабақша тәрбиешісі баланы ұрған болуы мүмкін — іс тергелуде Алматыда танысудан бас тартқан қызға су шашқан ер адам ұсталды Көлік прокуратурасы жолаушылар тасымалы конкурстарындағы заңбұзушылықтарды анықтады Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр

    Павлодарда жетім қызды зорлаған ер адам полиция қолына түспеу үшін өзін атып өлтірді

    Павлодарда жетім қызды зорлаған ер адам полиция қолына түспеу үшін өзін атып өлтірді

    Павлодардағы Железин ауданында ер адамның жетім қызды зорлағаны анықталды. Ол бұған дейін қыз баланың қамқоршысы болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Железин ауданындағы балалар үйінің 16 жасар тәрбиеленушісін гинекологиялық тексеру барысында бұрын оның ер адаммен жыныстық қатынаста болғаны анықталған. Педофилдік әрекет біраз жыл бұрын, оны қамқоршылыққа алған ер адаммен жасалған.

    «Кәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Алайда күдікті жәбірленушінің аталған дерек бойынша полицияға жүгінгенін біліп, өз-өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →