Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты

Тоқаев көктемгі су тасқынында көмек көрсеткені үшін Сербия халқына алғыс айтты

Тоқаев көктемгі су тасқынында көмек көрсеткені үшін Сербия халқына алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президенті Александр Вучичпен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Бұл туралы Qazaq.today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Александр Вучичке ризашылығын білдіріп, Қазақстан президенті ретіндегі Сербияға алғашқы сапарының мәні ерекше екенін айтты. Сонымен қатар бұл сапар қазақ-серб қарым-қатынасының жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық халықтар достығына, саяси диалог пен өзара қолдауға ұдайы арқа сүйейтінін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, соңғы жылдары Астана мен Белград экономикалық ықпалдастықты нығайту үшін нақты шаралар қабылдап, сауда және инвестициялық байланыстарды белсенді дамытып келе жатыр.

Орайлы сәтті пайдалана отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін Александр Вучич пен Сербия халқына алғыс айтты. Мемлекет басшысы мұны екі ел арасындағы шынайы достықтың жарқын көрінісі ретінде бағалады.

Александр Вучич екі елдің ынтымақтастығы өзара құрмет пен сенім негізінде дамып келе жатқанын атап өтті. Сербия Президентінің айтуынша, Белград Қазақстанмен экономикалық байланыстарды, соның ішінде сауда, инвестиция секілді басты бағыттар бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ниетті», — делінген Ақорда хабарламасында.

Александр Вучич Сербияның елімізбен саяси диалогты нығайтуға бейіл екенін растап, халықаралық аренадағы іс-қимылды үйлестірудің маңызына тоқталды.

Кездесуде мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Сербия арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың перспективасын, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады. Бұдан бөлек тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →