Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Гүлзира Айдарбекова заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды Көшпенділер ойындарында бүркіт полицейге шабуыл жасады (ВИДЕО) Алматыда жаяу жүргіншілердің көз алдында дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулік уақытын қамауда өткізеді (ВИДЕО) Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Гүлзира Айдарбекова заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды Көшпенділер ойындарында бүркіт полицейге шабуыл жасады (ВИДЕО) Алматыда жаяу жүргіншілердің көз алдында дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулік уақытын қамауда өткізеді (ВИДЕО)

    Ресми: Мүфтият қалың мал мен мәһірді біріктірді

    Ресми: Мүфтият қалың мал мен мәһірді біріктірді

    Фото: freepik.com

    Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы тұрмысқа шыққан қызға берілетін қалың мал мен мәһірді біріктірді. Бұл туралы мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Дегенмен, оның айтуынша, «әке еңбегі», «ана сүті» сияқты қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік мәһірге саналмайды.

    «Қалыңмал – қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салтындағы қалыңдық үшін берілетін мал. Фиқһ кітаптарында ұзатылып жатқан қызға жиһаз әперу үшін күйеу жігіт тарапынан берілетін мал-мүлікті «дустиман» деп атайды», — деген ол қалың малды шариғатындағы мәһір деп есептеуге қатысты ғалымдардың бірнеше көзқарасы бар екенін жазған.

    Ғұламалардың көзқарастарын тізген Ағабек Қонарбайұлы осы мәселеге қатысты мүфтияттың шешімін жария етті.

    «Шешім: күйеуі тарапынан берілетін қалың малды қыздың разылығымен мәһірге жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады. «Әке еңбегі», «ана сүті» секілді қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік (кәдесый, т.б.) мәһірге жатпайды», — деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →