Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
ЖОО грантына өтініш қабылдау 13 шілдеде басталады: eGov арқылы онлайн тапсыру Қазақстандық әйел Түркияның Анталья қаласында жол апатынан қаза тапты Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ? Елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады 100 млн теңге пара алды деген күдік: ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді растады ЖОО грантына өтініш қабылдау 13 шілдеде басталады: eGov арқылы онлайн тапсыру Қазақстандық әйел Түркияның Анталья қаласында жол апатынан қаза тапты Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ? Елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады 100 млн теңге пара алды деген күдік: ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді растады

Грантқа түсірем: Ақтөбеде студенттреді алдап соққан жігіт сотталды

Грантқа түсірем: Ақтөбеде студенттреді алдап соққан жігіт сотталды

Ақтөбеде грант уәде еткен алаяқ студенттерді алдап, 5 миллион теңге иемденген. Бұл туралы «Мой город» жазды.

Сайт жазуынша, Ақтөбе қаласында университеттерде грантқа түсіруге уәде берген ер адам студенттерді алдап, 5 миллион теңге жымқырған.

Ақтөбе қаласының №2 соты осы алаяқтық ісі бойынша қылмыстық істі қараған.

«2024 жылдың қаңтарында ер адам өзінде түрлі салада таныстары бар екенін және университеттерге грантқа түсіруге мүмкіндік бар екенін айтып, жалған ақпарат таратқан. Жәбірленушілердің сеніміне кіріп, ол ақша талап еткен. Кейін ақшаны қолма-қол шешіп алып, анасының шотына аударған. Нәтижесінде үш жәбірленушіге 5 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген», – деп жазылған сот құжатында.

Ер адам кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрап, оларға келген шығынды толық өтеген. Жәбірленушілер оны кешірген.

Сот оны кінәлі деп танып, үш жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар, жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту туралы шешім шығарған. Жұмыс орындарын жергілікті атқарушы органдар анықтайды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика