Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакина Нинбодағы финалға шығып, титулын қорғауға бір қадам жасады • 25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады: облыстар бойынша болжам • Атырауда қызының TikTok-тағы балағаты үшін анасына әкімшілік хаттама толтырылды • Федоров UCI Asia Tour рейтингінде бірінші орынға шықты • Айсұлу Сүлейменова Азия параойындарында 100 метрге жүгіруден континенттік рекорд орнатты • 18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды • Рыбакина Нинбодағы финалға шығып, титулын қорғауға бір қадам жасады • 25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады: облыстар бойынша болжам • Атырауда қызының TikTok-тағы балағаты үшін анасына әкімшілік хаттама толтырылды • Федоров UCI Asia Tour рейтингінде бірінші орынға шықты • Айсұлу Сүлейменова Азия параойындарында 100 метрге жүгіруден континенттік рекорд орнатты • 18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды •

    Бізде бұдан басқа жол жоқ — Премьер-министр

    ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеме жасап, жанар-жағармай бағасын қымбаттатудың себебін түсіндірді, деп хабарлады Qazaq.today ақпараттық агенттігі.
    Әлихан Смайыловтың сөзінше, елімізде дизель мен бензиннің тұтыну деңгейі ең жоғары. Жылына 1 адамға дизель 370 литрден келеді. Ол Ресейде – 225 литр, Қырғызстанда – 98 литр, Өзбекстанда – 44 литр. Бізде жанар-жағармайды тұтыну деңгейі жоғары қарқынмен өсіп келеді.

    Үкімет басшысының айтуынша, мемлекет жанармай өндірісін ұлғайту үшін барлық шараны қабылдап жатыр. Былтыр дизель отынын өндіру 5,2 млн тоннаны құрап, рекордтық деңгейге жетті. Жалпы соңғы 5 жылда бензин өндірісі 70%-ға, дизель өндірісі 33%-ға өсті.

    «Біздің отандық мұнай өңдеу зауыттары өз мүмкіндіктерінің ең жоғары шегінде жұмыс істеуде. Алайда жанармай тапшылығының қаупі азаяр емес. Сыртқа тасып әкету мен тапшылықтың негізгі себебі – Қазақстандағы жанар-жағармай бағасының төмендігі болып отыр. Мысалы, Ресейде дизель отыны 45%-ға, Қырғызстанда 64%-ға, Өзбекстанда 2 есе қымбат. Соның нәтижесінде арзан отын әртүрлі жолдармен көрші елдерге әкетіліп жатыр», — деді Үкімет басшысы.

    Ол атағандай, бензин мен дизель отынының бағасын  одан ары ұстап тұру елдің энергетикалық қауіпсіздігіне теріс әсер етуі мүмкін.

    Әлихан Смайылов наурыз айының өзінде жанар-жағармай материалдарын тұтыну көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға өскенін айтты. Егер республика баға айырмашылығын қысқартпаса, онда биыл 850 мың тоннаға дейін көлемде жанармай тапшылығына ұрынады.

    «Біздің арзан отын өзіміздің ұлттық мүдделерімізге емес, көрші елдердің экономикасына жұмыс істеп отыр. Сондықтан жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін баға айырмашылығын төмендету керек. Бұл елден мұнай өнімдерінің жаппай шығарылуын азайтуға және ішкі нарықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бізде бұдан басқа жол жоқ», — деді Премьер-министр.

    Оған қоса Үкімет басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған дизель толығымен бөлінді. Оларға баға 204 теңге болып қала бермек.

    «Үкімет отынның ішкі нарығын қолдау және заңсыз әкетудің жолын кесу үшін басқа да тиісті шараларды қабылдайтын болады», — деді  Әлихан Смайылов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →