Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Шымкенттегі Нұрай Серікбай ісі: адвокат сот отырысын тікелей эфирде көрсетуді талап етті Кім олай күйеуге шықпай жатыр?: Белгілі блогер жеке басына қатысты мәлімдеме жасады Almaty Summer Fest аясындағы алты концертке 60 мыңнан астам көрермен жиналды Тегін емге ақша алған: Атырау облысында күдікті дәрігердің ісі сотқа жетті «Аман жүр, Ақ Қайрош!»: Қайрат Нұртас қарттарға ерекше тосын сый жасады (ВИДЕО) Төрт жыл ішінде діни радикалдар Қазақстанның аумағында 10 лаңкестік әрекет жасамақ болған – ҰҚК Шымкенттегі Нұрай Серікбай ісі: адвокат сот отырысын тікелей эфирде көрсетуді талап етті Кім олай күйеуге шықпай жатыр?: Белгілі блогер жеке басына қатысты мәлімдеме жасады Almaty Summer Fest аясындағы алты концертке 60 мыңнан астам көрермен жиналды Тегін емге ақша алған: Атырау облысында күдікті дәрігердің ісі сотқа жетті «Аман жүр, Ақ Қайрош!»: Қайрат Нұртас қарттарға ерекше тосын сый жасады (ВИДЕО) Төрт жыл ішінде діни радикалдар Қазақстанның аумағында 10 лаңкестік әрекет жасамақ болған – ҰҚК

Бүгін футболдан Чемпиондар лигасында төртінші тур басталады

Бүгін футболдан Чемпиондар лигасында төртінші тур басталады

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің төртінші туры басталады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Аталған турнирде биыл алғаш рет 36 команда бақ сынап жатыр. Дүбірлі доп додасында командалар жаңадан әзірленген нұсқа бойынша сайысқа түседі.

Алдымен 22.35-те Нидерландтың ПСВ командасы өз алаңында Испанияның «Жирона» клубымен шеберлік байқасады. Артынша 00:50-де «Ливерпуль» (Англия) мен «Байер» (Германия) жасыл алаңға шығады. Аталған ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал 00:50-де басталатын «Реал Мадрид» (Испания) пен «Милан» (Италия) кездесуін тікелей эфирде «Qazaqstan» теларнасынан тамашалауға болады.

Екінші турдың алғашқы ойын күні, 5 қарашада олардан басқа «Слован Братислава» (Словакия) мен «Динамо Загреб» (Хорватия), «Селтик» (Шотландия) пен «Лейпциг» (Германия), «Спортинг Лиссабон» (Португалия) мен «Манчестер Сити» (Англия), «Болонья» (Италия) мен «Монако» (Франция), «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Штурм» (Австрия), «Лилль» (Франция) мен «Ювентус» (Италия) ойнайды.

Ал екінші ойын күні, 6 қарашада 22.35-те «Шахтёр Донецк» (Украина) пен «Янг Бойз» (Швейцария), 00:50-де «Интер» (Италия) мен «Арсенал» (Англия) кездеседі. Аталған екі кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ ПСЖ (Франция) мен «Атлетико Мадрид» (Испания) ойынын 00:50-де тікелей эфирде «Qazaqstan» телернасынан көруге болады

Сондай-ақ бұл күні «Брюгге» (Бельгия) мен «Астон Вилла» (Англия), «Спарта Прага» (Чехия) мен «Брест» (Франция), «Бавария» (Германия) мен «Бенфика» (Португалия), «Фейеноорд» (Нидерланд) пен «Ред булл Зальцбург» (Австрия), «Црвена Звезда» (Сербия) мен «Барселона» (Испания), «Штутарт» (Германия) пен «Аталанта» (Италия) ойнайды.

Фото: pressball.by

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →