Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Мархаба Сәби хит болған “Қыз-бозбала“ әнінің шығу тарихын баяндады

    Мархаба Сәби хит болған “Қыз-бозбала“ әнінің шығу тарихын баяндады

    Танымал әнші, композитор, хит әндердің авторы әрі орындаушысы Мархаба Сәби кейінгі кезде хит болған әні туралы сөз қозғады, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеп.

    Әнші бұл туралы «1001 түн» бағдарламасында айтып берді.

    «Ер адам, әйел адам деп көп бөле бермей, бір-бірін бағалап, еркелетіп жүрсінші деген ниетпен «Қыз-бозбала» әнін шығардым. 30-да болсын, 40-та болсын, адамның көңілі бозбаланыкіндей болып қалады дегенді жеткізгім келді», — деді әнші.

    Мархаба Сәби YouTube желісінде бір айда 3,2 миллион рет қаралған туындысы арқылы отбасы құндылығын да насихаттағысы келіпті.

    «Үйде бір-бірімізге ауыр сөздерді көбірек айтатын сияқтымыз. «Сен кінәлісің», «Сенің кесірің» деп емес, «Арыстаным», «Аққуым» деп жиі айтайықшы деген нәрсені үндегім келді», — деді ол.

    Кейінгі кезде хитке айналып, әлеуметтік желілерде де танылған «Демалам» әні осы «Қыз-бозбала» әнінің жалғасы екен.

    «Демалам» әні алдыңғы әнімнің жалғасы іспеттес. Ерлі-зайыптылар бір-біріне демалыс, еркіндік беріп тұруы керек екенін еске салғым келді», — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →