Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды •

    «Шавкат пен Асу жеңеді»: UFC-дің бұрынғы файтері алдағы жекпе-жектер туралы пікір білдірді

    «Шавкат пен Асу жеңеді»: UFC-дің бұрынғы файтері алдағы жекпе-жектер туралы пікір білдірді

    ММА жауынгері Жалғас Жұмағұлов Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұқбатында UFC файтерлері Асу Алмабаев пен Шавкат Рахмоновтың алдағы жекпе-жектеріне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Асу Алмабаев 19 қазаннан 20 қазанға қараған түні Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 245 турнирінде румыниялық Матеус Николауға қарсы кездесу өткізеді. Ал UFC-дің бұрынғы жауынгері Жалғас Жұмағұлов қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың жеңіске жетудегі мүмкіндігін жоғары бағалады.

    «Асудың жеңіске жету үшін барлық мүмкіндігі бар. Қарсыласы бұрындары бірнеше рет нокаутқа түсіп, қатты соққылар алған. Асу Алмабаевтың күресі мықты, физикалық дайындығы жоғары, тыныс алуы да жақсы. Оның қарсыласы екінші раундтан кейін шаршап, қарқыны бәсеңдейді. Көбіне екінші нөмірмен жұмыс істеп, қашуға бейім болады. Тек бәрі жақсы болса, Асу жеңіске жетеді деп ойлаймын», — деді Жалғас Жұмағұлов.

    Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадқар қарсы 7 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтетін UFC 310 турнирінде кездесу өткізеді. Осы орайда Жалғас Жұмағұлов қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтың соққысының мығым екенін атап өтті.

    «Шавкатқа келсек, оның да жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Белал Мухаммад бұған дейін құлаған, ал Шавкат соққы жасауға шебер. Мухаммадтан күрес тұрғысынан қауіп көріп тұрған жоқпын, себебі Шавкаттың өзі де жақсы күреседі. Оның қол-аяғы ұзын, оларды тиімді пайдаланады. Белал соққы жасауда шебер емес», — деді Жалғас Жұмағұлов.

    Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы рет октагонға биылғы жылдың маусым айында UFC on ESPN 58 турнирінде шыққан болатын, онда Хосе Джонсонды (20-2) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →