Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы-Стамбул рейсінде жолаушының рюкзакінен ақша мен банк картасы жоғалды • Алматылық радиожүргізуші Шакираның Бишкектегі концерті мен қырғыз халқының қонақжайлылығын тамсанды • Қазақстан қылышшылары Францияны жеңіп, Әлем кубогының финалына шықты • Шетелде жұмыс іздеушілерді алаяқтардан сақтандырды • Әлем үшінші дүниежүзілік соғысқа байқаусыз жақындап бара ма? Financial Times талдауы • Қостанай облысында екі шетелдік заңбұзушы елден шығарылады • Алматы-Стамбул рейсінде жолаушының рюкзакінен ақша мен банк картасы жоғалды • Алматылық радиожүргізуші Шакираның Бишкектегі концерті мен қырғыз халқының қонақжайлылығын тамсанды • Қазақстан қылышшылары Францияны жеңіп, Әлем кубогының финалына шықты • Шетелде жұмыс іздеушілерді алаяқтардан сақтандырды • Әлем үшінші дүниежүзілік соғысқа байқаусыз жақындап бара ма? Financial Times талдауы • Қостанай облысында екі шетелдік заңбұзушы елден шығарылады •

    Енді сынып жетекшілігі үшін төленетін ақы 30 пайызға дейін артуы мүмкін

    Енді сынып жетекшілігі үшін төленетін ақы 30 пайызға дейін артуы мүмкін

    Елімізде мұғалімдерге сынып жетекшілігі үшін төленетін қосымша ақыны 30 пайызға дейін арттыру мүмкіндігі қаралып жатыр. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Балалардың деструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша оқушылармен және олардың ата-аналарымен тікелей жұмыс істейтін 220 мың сынып жетекшінің қызметін жүйелеу мақсатында олардың қызметіне қатысты ереже және біліктілік сипаттамалары қайта қаралады. Олардың мәртебесін арттыру үшін бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, сынып жетекшілігі үшін қосымша ақыны кезең-кезеңмен 30 пайызға ұлғайту мәселесі талқыланып жатыр», — делінген жауапта.

    Үкімет басшысының сөзінше, оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы кикілжіңдерді шешу үшін 2022 жылдан бастап медиация әдістерін енгізуге бағытталған «100 медиативтік мектеп» жобасы іске асырылып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →