Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Таразда 10 жастағы бала ауыр қылмысты ашуға көмектесті

    Таразда 10 жастағы бала ауыр қылмысты ашуға көмектесті

    Екі кештің ортасында Тараз қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне қоңырау шалған әйел үйінің жанында белгісіз адам күйеуіне пышақ жарақатын салғанын мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Жедел әрекет етудің арқасында жараланған ер адам қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Артынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері қылмыстың мән-жайын анықтау барысында жақын жерде ойнап жүрген 10 жасар бала қылмыстың кездейсоқ куәгері болғанын білген. Бір қуаныштысы, ойын баласы болса да ол бәрін есіне сақтап қалған екен. Осылайша 10 жасар бала полицейлерге күдіктінің киімі, келбеті, қайда қашқаны туралы маңызды ақпаратты айтқан. Оқушының қырағылығының арқасында полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады.

    Полиция қызметкерлеріне ауыр қылмысты ашуға көмектескен 10 жасар баланың бұл ерлігі елеусіз қалмады. Тараз қаласы полиция басқармасының басшылығымен оқушыға ауыр қылмысты ашуға көмектескені үшін алғыс хат табыс етілді.

    Фото: Жамбыл облысы полиция басқармасы

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →