Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Оқиға орнынан қашып кеткен: Астанада жүргізуші бір айға қамауға алынды Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның үлкен ұлы ұсталды Қазақстанның 15 спортшысы әлем чемпионатында бақ сынайды Жүкті әйелдер декреттік төлемге онлайн өтініш бере алады Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады Оқиға орнынан қашып кеткен: Астанада жүргізуші бір айға қамауға алынды Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның үлкен ұлы ұсталды Қазақстанның 15 спортшысы әлем чемпионатында бақ сынайды Жүкті әйелдер декреттік төлемге онлайн өтініш бере алады Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады

    Тұлғалар туған күн: танымал актер Досқан Жолжақсынов 73 жасқа толды

    Тұлғалар туған күн: танымал актер Досқан Жолжақсынов 73 жасқа толды

    Әнші, актер, Қазақстаның халық әртісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Досқан Жолжақсынов 73 жасқа толды, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Өнер майталманы 1951 жылы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. Ол Алматы мемлекеттік өнер институтын бітірген.

    1971 жылдан қазіргі Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері, 1995-2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болған.

    Актер театр сахнасында және кинода 200-ден астам бейнені сомдаған. Сонымен қатар, халық әндері мен қазіргі қазақ композиторлары әндерін шебер орындаушы ретінде кеңінен танымал. Досқан Жолжақсынов ұлттық кино өнерінің дамуына атарлықтай өз үлесін қосты. Актер елдің көңілінен шыққан «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Алтын күз», «Омпа», «Ақ барыстың ұрпақтары», «Көшпенділер», «Біржан сал» және т.б. фильмдерге түскен. Өзінің жетекшілігімен түсірілген «Құнанбай» фильмінде басты рөлді сомдаған.

    Сонымен қатар бүгін танымал кәсіпкер, VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Константин Викторович Авершиннің де туған күні.

    Депутат 48 жасқа толды. Ол Талдықорған қаласында туған. Брайтондағы (Ұлыбритания) Беллербис колледжін бизнес және экономика мамандығы бойынша (1995) бітірген; Англия Рускин университеті, Еуропалық бизнес және экономика, Кембридж (Ұлыбритания), Бизнес және экономика (1998); Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясында (2018 ж.) білім алды.

    Еңбек жолы: 1998-1999 жылдары «KEGOC» АҚ коммерциялық бөлімінің маманы. 1999-2001 жылдары «Кедентранссервис» ЖАҚ коммерциялық департаментінің бас менеджері. 2009-2011 жылдары Еуропалық авиацияның аймақтық өкілі. 2013 жылдан бастап «Red Dragon Almaty» ЖШС құрылтайшысы.

    2022 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

    «Экономика мақтанышы», «Құрмет» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Арнайы жасақтағы қызметі үшін» медальдарымен, ІІІ дәрежелі «ҰҚҚ – КНБ – Қазақстан» төсбелгімен марапатталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →