Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді

Қуатты мемлекет: Тоқаев Си Цзиньпинді ҚХР-дың 75 жылдығымен құттықтады

Қуатты мемлекет: Тоқаев Си Цзиньпинді ҚХР-дың 75 жылдығымен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaq.today. 

Ақорданың хабарлауынша,  Тоқаев қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Си Цзиньпин мен қытай халқын ҚХР-дың құрылғанына 75 жыл толуымен құттықтаған.

«Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында ел бірлігі мен тұтастығының бірегей нышаны саналатын бұл күннің орны ерекше екеніне тоқталды. Сонымен қатар Қытайды әлемдегі көшбасшы, әрі жаһандық орнықты дамуға, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырған қуатты мемлекет ретінде атап өтті», — деп жазады Ақорда.

Президент Қазақстан мен Қытай арасындағы сан қырлы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Екі елдің мызғымас достық пен тату көршілікке негізделген байланысы қос халықтың игілігі жолында ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас қытай халқына бақ-береке тіледі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →