Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты •

    Алматыда таксист шетелдік туристен 77 мың теңге талап еткен

    Алматыда таксист шетелдік туристен 77 мың теңге талап еткен

    Фото: Zakon.kz

    Алматыда әуежайдан шаһарға жеткізгені үшін үндістандық саяхатшыдан 77 мың талап еткен такси жүргізуші 15 күнге қамалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті хабарлады.

    Үндістандық блогер Комал Махешвари өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыда болған жайсыз жағдайға шағымданған болатын.

    Оның айтуынша, такси жүргізушісі қалаға 1 мың теңгеге жеткізуге келісіп, кейін сорақы түрде 77 мың теңге талап еткен. Бірақ Үндістаннан келген саяхатшы бұл ақшаны беруге келіспей, 30 мың теңге төлеген.

    Алматы полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, Үндістаннан келген туристке жол жүру ақысын артық төлеткен 27 жастағы жігітті ұстады.

    — Тексеру барысында азаматтың тиісті құжаттарынсыз жеке тасымалдаумен айналысқандығы, өз қызметін азаматтардың мазасын ала отыра ұсынғандығы, сондай-ақ оны ұстау кезінде полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамағандығы анықталды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →