Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алаяқтық жасады деген күдікпен Ресейден экстрадицияланған адам Қазақстанға жеткізілді Қазақстандық балуан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды Роналду Өзбекстанға келуі мүмкін: «Әл-Наср» Чемпиондар лигасында «Пахтакормен» ойнайды Жан басына шаққандағы энергиямен қамту: Қазақстан әлемдік рейтингте 22-орында Beeline абоненттерінің наразылығы: қымбат тариф пен сапасыз қызмет мәселесі 19-20 тамызда ауа райы: жаңбыр, найзағай және ыстық Алаяқтық жасады деген күдікпен Ресейден экстрадицияланған адам Қазақстанға жеткізілді Қазақстандық балуан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды Роналду Өзбекстанға келуі мүмкін: «Әл-Наср» Чемпиондар лигасында «Пахтакормен» ойнайды Жан басына шаққандағы энергиямен қамту: Қазақстан әлемдік рейтингте 22-орында Beeline абоненттерінің наразылығы: қымбат тариф пен сапасыз қызмет мәселесі 19-20 тамызда ауа райы: жаңбыр, найзағай және ыстық

    Тоқаев капиталды заңдастыру туралы: Сөзбұйдаға салған кәсіпкерлермен әңгіме басқаша болады

    Тоқаев капиталды заңдастыру туралы: Сөзбұйдаға салған кәсіпкерлермен әңгіме басқаша болады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында атымтай кәсіпкерлердің алтын тізімі туралы айтты.

    «Былтыр бизнес өкілдерімен өткен кездесуде бұл мәселе бойынша мен нақты ұстанымды айттым. Біз кәсіп иелерімен өзара келісімге келдік, яғни «капиталды заңдастыру» үшін міндетті түрде Қазақстан экономикасына қаржы салу қажет болады. Ең бастысы, салынған қаржы ел игілігіне жарауы керек. Бұл талапты нормативтік тұрғыдан бекітіп алу қажет.
    Тиісті реестрге енгізілген кәсіпкерлермен келісім жасаған кезде мемлекетке қайтарылатын активтерді «заңсыз» деп танымау туралы норманы бекітуге болады. Бұл – шын мәнінде, ірі кәсіп иелерінің мүддесіне сай келетін маңызды қадам. Бірақ кәсіпкерлер де қаржыны республикалық бюджетке аудару мәселесіне келгенде Үкіметпен және Бас Прокуратурамен тығыз байланыста жұмыс істеуге тиіс. Бұл – әр теңге үшін саудаласпай, қажетті шараның бәрін өз еркімен жасау керек деген сөз», — деді Президент.

    Мемлекет басшысы кәсіпкерлер осы елдің азаматы ретінде мектеп, аурухана, стадион, музей және басқа да әлеуметтік-мәдени нысандар салуға қомақты қаржы бөлуге міндетті екенін айтты.

    «Мұндай кәсіпкерлердің есімі жомарт жандардың «алтын тізіміне» жазылады. Ал одан бас тартқан немесе сөзбұйдаға салған кәсіпкерлерге қатысты әңгіме басқаша болады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →