Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 28 қараша 2026 $ 458,0↓€ 502,6↓₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Фариза Бекібай бұрынғы енесімен қарым-қатынасын сақтап қалғанын айтты • Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Фариза Бекібай бұрынғы енесімен қарым-қатынасын сақтап қалғанын айтты • Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады •

    Атырауда Жайыққа батқан 14 жасар жасөспірім табылмай жатыр

    Атырауда Жайыққа батқан 14 жасар жасөспірім табылмай жатыр

    Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен 14 жасар жасөспірім табылмай жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, бұл туралы бүгін 22 тамызда түнгі сағат 01:40–та хабар берілген.

    «Атырау қаласына таяу орналасқан Ақжар ауылының тұсында 1 жасөспірімнің суға батып кеткені туралы шақырту түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, 2010 жылғы ұлдың жабдықталмаған орында суға түскенін анықтады. Сүңгуірлері таңға дейін су астында іздестіру жұмысын жүргізді», — деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

    Суға батқан жасөспірімді іздеу таңғы сағат 6:30-да қайта жалғасқан. Оған Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 16 құтқарушы, 4 техника, 4 жүзу құралы тартылған.

    Фото: freepik.com

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →