Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 26 қараша 2026 $ 459,1↑€ 502,4↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Балалар батпақ кешіп мектепке барады: Жезқазғанда екі жылдан бері жол жөнделмеген

    Жезқазғанда Желтоқсан көшесіндегі жол екі жылдан бері жөнделмеген. Тұрғындар батпақ кешіп, №26 гимназия оқушылары қиындық көреді. Әкімдік 2026 жылға жоспарлаған.

    Балалар батпақ кешіп мектепке барады: Жезқазғанда екі жылдан бері жол жөнделмеген

    Видеодан кадр

    Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында тұрғындар Желтоқсан көшесіндегі №9 үй маңындағы жолдың жағдайына шағымданды. Тұрғындардың айтуынша, 2024 жылдың жазында жаңа құбыр тарту кезінде бұзылған асфальт әлі күнге дейін қалпына келтірілмеген. Әкімдік жолды жөндеу жұмыстары 2026 жылдың бюджетінде қарастырылғанын хабарлағанымен, жыл аяқталуға жақын қалғанда да мәселе шешілмеген. Аталған жолмен №26 гимназияның оқушылары күн сайын қатынайды, ал құдық орнында пайда болған шұңқыр көліктердің қозғалысын қиындатып отыр. Бұған қоса, «Қазпошта» бөлімшесінің маңында қоқыс жиналып, ағаш бұтақтары жаяу жүргіншілерге кедергі келтірсе, ғимараттың шатырынан кірпіш сынықтары құлайтыны айтылған. Қала әкімдігі екі жылдан бері бір көшенің жолын жөндеп, айналасын ретке келтіре алмаса, тұрғындар тағы қанша уақыт күтуі керек?

    Видео: @podovinnikova_ya

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →