Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 1 қыркүйек 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев ШЫҰ саммитінде Путинмен кездесті Тоқаев пен Путин Бішкектегі ШҰҰ саммитінде кездесті Атырауда 17 жастағы қызды зорлаған ер адамға қатысты іс тоқтатылды БАӘ-де қайтыс болған Бохановалардың денесі Астанада жерленді Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстандықтар eGov арқылы ауруханаға түскен жақындары туралы хабарлама ала алады Тоқаев ШЫҰ саммитінде Путинмен кездесті Тоқаев пен Путин Бішкектегі ШҰҰ саммитінде кездесті Атырауда 17 жастағы қызды зорлаған ер адамға қатысты іс тоқтатылды БАӘ-де қайтыс болған Бохановалардың денесі Астанада жерленді Ақмола облысының тұрғыны масаң күйде көлік жүргізгені үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстандықтар eGov арқылы ауруханаға түскен жақындары туралы хабарлама ала алады

    Оралда аяусыз өлтірілген мұғалімге қатысты жаңа деректер айтылды

    Оралда аяусыз өлтірілген мұғалімге қатысты жаңа деректер айтылды
    Фото: Мой город

    21 тамыз күні қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оралдық мұғалім Надежда Никитинаның өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлады Qazaq.today ақпарат порталы Мой город басылымына сілтеме жасап.

    Қылмыскер 41 жастағы Темір Сәрсенов үш бап бойынша айыпталып отыр. Атап айтқанда, адам өлтіру, ұрлық және қаруды заңсыз сақтау.

    Сотталушы №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитинамен 2020 жылы танысқан. Сол кезде ол сыныпта компьютер орнатып жүрген. Кейін келіншек жұмыс орнында немесе үйіндегі техникада ақау пайда болғанда ара-тұра Темір Сәрсеновтың көмегіне жүгінген.

    Биыл 24 сәуір күні Надежда Никитина сондай өтінішпен Сәрсеновтен көмек сұраған. Күдікті келген, бірақ жұмысын аяқтамай, келесі күні келуге уәде берген. 25 сәуірде ноутбукпен келген Сәрсенов марқұмның жатын бөлмесіндегі компьютерді жөндей бастады. Ол кезде Надежда Никитина ас үйде шәкіртімен қосымша сабақ жүргізіп жатқан.

    Прокурордың айтуынша, қосымша сабағын аяқтап, оқушысын шығарып салған Никитина күдіктінің жанына барады. Олар өзара әлденеге келіспей, дауласып қалған. Сәрсенов марқұмды диванға жатқызып, үстіндегі киімінің жағасымен буындырған. Кейін ол марқұмның мойнына пышақ сұққан. Никитина механикалық асфексиядан көз жұмды.

    «Сотталушы мұнымен қоймай, ізін жасыру үшін ұрлық жасаған. Ол әйелдің пәтерінен алтын бұйымдар, сөмке, әмиян, телефон және банк карталарын алып кеткен. Жалпы материалдық шығын –1,7 млн ​​теңге», – деді мемлекеттік айыптаушы.

    Сондай-ақ полиция Сәрсеновтің пәтерінен сақтауға рұқсаты жоқ бірнеше қару мен оларға арналған көп мөлшердегі оқ-дәрілерді тапты. Айыпталушы Темір Сәрсенов алқабилер сотынан бас тартты. Негізгі сот отырысы 27 тамызға белгіленді.

    Еске салсақ, 25 сәуірде Орал қаласында бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитина өз пәтерінде өлі күйде табылған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →