Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі •

    «Уайымдамаңыздар»: Жанқош Тұраровтың әйелі пікір білдірді

    «Уайымдамаңыздар»: Жанқош Тұраровтың әйелі пікір білдірді

    Былғары қолғап шеберінің жұбайы жағдайын сұраған жақындарына жауап берді

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса күйеуіне «қыз зорлады» деп тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді. Былғары қолғап шеберінің жұбайы сөздері мұның жалған ақпарат дегенге саяды.

    «Хабарласқанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген «құрбы-таныстың» бәрі бүгін түннен бері хабарласып, хал-жағдай сұрасты ғой. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар. Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр», — деп жазды Клара Иса Instagram-дағы Stories-те.

    Айта кетейік, әлеуметтік желіде алғашқы жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды.

    Мұны көп ұзамай Алматы қаласының Полиция департаменті де растады. Дегенмен боксшының өзі бұл ақпараттың жалған екенін, тиісінше енді олар сотта жауап беретінін айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →