Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі •

    Көкшетау әкімі қызметінен босатылды

    Көкшетау әкімі қызметінен босатылды

    Фото: Көкшетау қаласы әкімдігі

    Көкшетау әкімі Бауыржан Ғайса қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Осы жылдың 20 тамызында Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайса Көкшетау қаласының әкімі қызметінен босатылды.

    Әкімнің міндеттерін уақытша қала әкімінің орынбасары Гүлмира Темірболатқызы Шұқатова атқарады», — делінген хабарламада.

    Бауыржан Ғайса 1972 жылы 8 тамызда дүниеге келген.

    Челябинск мемлекеттік аграрлық университетін, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, Польшаның Кутне қаласындағы мемлекеттік жоғары экономикалық мектебін бітірген.

    1994-2013 жылдары – жекеменшік салада жұмыс істеген.

    2013-2014 жылдары —  «Nur Otan» (Amanat) партиясының Көкшетау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

    2014-2016 жылдары – «Nur Otan» (Amanat) партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары.  2016-2018 жылдары — Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы.

    2018-2019 жылдары – Қорғалжың ауданы әкімі.

    2019 жылдың 10 сәуірінен бастап –  Ақмола облысы әкімі аппаратының жетекшісі болған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →