Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті •

    Атбасарда жаяу жүргіншінің өліміне кінәлі полицей екі айға қамауға алынды

    Атбасарда жаяу жүргіншінің өліміне кінәлі полицей екі айға қамауға алынды

    Ақмола облысының Атбасар қаласында жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылған полиция қызметкері соттың санкциясымен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ақмола облысы соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың 19 тамызында Атбасар аудандық сотының қаулысымен адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасына кінәлі ер адамға қатысты 2 ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

    Қылмыстық қудалау органы ер адамды ауыр зардаптарға-адамның өліміне және жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты құқықбұзушылық жасады деп күдікке алып отыр. Сонымен бірге күдіктінің жол-көлік оқиғасын жасағаннан кейін жәбірленушілерге көмек көрсетпей, қылмыс орнынан қашып кеткені анықталды (ҚК 345-бабының 3-бөлігі, 347-бабы).

    Ол осыған дейінде, яғни 2024 жылғы 16 тамызда жылдамдықты шамадан тыс асырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған(ҚР ӘҚбК 592-бабының 1-бөлігі).

    «Сол себепті, сот күдікті бостандықта бола отырып, куәгерлерге әсер ету арқылы істі объективті тергеуге кедергі келтіреді, қылмыстық қудалау органдары мен соттан жасырынуы мүмкін деп санайды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», — деді Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →