Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті •

    Fly Arystan жолаушылары әуежайдың мүлкін қиратты (ВИДЕО)

    Fly Arystan жолаушылары әуежайдың мүлкін қиратты (ВИДЕО)

    Кеше Алматы әуежайында Fly Arystan әуе компаниясының жолаушылары бүлік шығарды.

    Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. SMS-хабарламадағы қателіктен жолаушылар рейстен қалып қойып, әуе компаниясының қызметкерлеріне заттарды лақтырып, тәртіпсіздік жасаған.

    Алматы-Астана рейсі 09:05-тен 09:25-ке кешіктірілген, бірақ жүйедегі ақауға байланысты жолаушылар рейстің 10:55-ке ауыстырылғаны туралы хабарлама алған, — деп хабарлады FlyArystan.

    ІІМ Көліктегі полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді.

    Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы-Астана рейсінің жолаушысы – 31 жастағы әйелдің әуе компаниясы қызметкерлерін балағаттап, әдепсіз қылық жасағанын анықтады. Сонымен қатар тіркеу үстеліндегі мониторға зақым келтірген.

    Көлік полицейлері әйелге қатысты шара қолданып, ұсақ бұзақылық және бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін әкімшілік іс қозғады, — делінген хабарламада.

    Жиналған материал сотқа жіберіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →