Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды •

    ШҚО-да 47 млн теңгенің малын ұрлаған барымташылар ұсталды

    ШҚО-да 47 млн теңгенің малын ұрлаған барымташылар ұсталды

    Шығыс Қазақстан облысында 47 млн теңгенің малын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды.

    Polisia.kz мәліметінше, қылмыстық топтың есебінде 70-тен астам мал ұрлығы бар. Келтірілген шығын көлемі 47 млн теңгеден асады. Олар малдың етін көбіне елдің оңтүстігінде саудалаған. Тәртіп сақшылары қаскөйлерді жедел іздестіру іс-шаралары барысында анықтады.

    — Топта төрт күдікті белсенді әрекет еткен. Мал басының бір бөлігі тәркіленді. Тергеу барысында олардың иесіз жылқыларды іздегені, кейін мал ұстау орындарына жеткізіп, ары қарай жүк көліктерімен басқа аймақтағы базарға тасымалданғаны анықталды, – делінген полиция хабарламасында.

    Сонымен қатар, ұсталғандардан атыс қаруының бірнеше түрі және 60 астам оқ-дәрі тәркіленді. Олар бойынша сараптама тағайындалды. Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.

    Сондай-ақ, олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

    Фото: gov.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →