Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті •

    Ақтөбеден Алматыға шыққан ұшақ зақымданды

    Ақтөбеден Алматыға шыққан ұшақ зақымданды

    Фото: Canva

    Air Astana әуе компаниясы Ақтөбеден Алматыға шыққан ұшақтың кешігуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «16 тамызда Airbus A321 ұшағын сүйрету кезінде шассидің тұмсық тірегіндегі бекітпе зақымданған. Ақтөбе-Алматы бағыты бойынша КС866 рейсі алдымен 17 тамызға дейін кешіктіріліп, кейін тоқтатылды. Жолаушыларға билет құнын айыппұлсыз қайтару ұсынылды», — делінген ақпаратта.

    Ұшақты жөндеу үшін жолаушыларды қалдырып Астанаға жеткізу туралы шешім қабылданған. Алайда, елорда әуежайының түнгі уақытта жабылуына байланысты әуекомпания рейсті 19 тамызға қалдыруға мәжбүр болған.

    «Ақтөбеде ұшақтың зақымдануы басқа да ондаған рейстердің кешігуіне әкелді», — дейді Air Astana-дан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →