Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 1 тамыз 2026 $ 474,2 545,8 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Түбі жарып шығады»: Мөлдір Мұқан кіші қызына қатысты даудан кейін мәлімдеме жасады «Жағы сынып, тістері түсіп қалған»: Ақтөбеде 12 жастағы жасөспірімді қағып, қашып кеткен курьер ұсталды Орталық Азия көшбасшылары Ыстықкөлде су-моторлы спорттан әлем чемпионатын ашты Тоқаев Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам ажал құшты Президент Тоқаев Қостанай облысының тұрғындарын 90 жылдығымен құттықтады «Түбі жарып шығады»: Мөлдір Мұқан кіші қызына қатысты даудан кейін мәлімдеме жасады «Жағы сынып, тістері түсіп қалған»: Ақтөбеде 12 жастағы жасөспірімді қағып, қашып кеткен курьер ұсталды Орталық Азия көшбасшылары Ыстықкөлде су-моторлы спорттан әлем чемпионатын ашты Тоқаев Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам ажал құшты Президент Тоқаев Қостанай облысының тұрғындарын 90 жылдығымен құттықтады

    Жамбылдықтар қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлерін ақтық сапарға шығарып салды

    Жамбылдықтар қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлерін ақтық сапарға шығарып салды

    Бүгін жамбылдықтар 17 тамыз күні «Меркі-Шу-Бурылбайтал» республикалық маңызы бар тас жолында қызмет өткеру барысында жол апаты салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Ғалым Арыстанбаев пен Абылайхан Әбішкенді ақтық сапарға шығарып салды.

    Жаназаға марқұмдардың отбасысы, ағайын-туыстарымен қатар Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов, ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық ПД бастығының орынбасарлары, бірге қызметте болған әріптестері, достары қатысты.

    Сондай-ақ, қоштасу жиынында ҚР Ішкі істер Министрі Ержан Сәденовтің, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қазаға байланысты көңіл хаттары оқылып, қайғыға ортақ екендігі және марқұмдардың отбасына мемлекет тарапынан әрдайым қолдау жасалатыны жеткізілді.

    — Әріптестеріміздің қызмет барысында, кенеттен қаза болуына байланысты суық хабар баршамыздың қабырғамызды қайыстырды.
    Жас болса да өңірдегі қауіпсіздікті сақтау, қоғамдық тәртіпті қадағалауда өлшеусіз өз үлестерін қоса білген азаматтардың әлі де халыққа берер пайдасы мол еді.
    Олар мінсіз қызметтерімен қатар, отбасында үлгілі әке, жақсы жар, жақындарына қамқор, айналысына жанашыр болды. Артында қалған отбасы, балалары мен жұбайына әрқашан қолдау жасап, қамқор боламыз деп сенім білдіремін.
    Батырлардың жарқын бейнесі мен абыройлы есімі әрдайым жадымызда сақталады, —деп Арманбек Баймурзин қаза болған әріптестерінің жақындарын сабырға шақырып, көңіл білдірді.

    Марқұмдардың жаназасы өз туған жерлерінде — Ғалым Арыстанбаев Меркі ауданында, Абылайхан Әбішкен Талас ауданында өткізілді.

    Қаза болған полиция қызметкерлері «Айбын» орденіне ұсынылатын болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →