Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады •

    Жетісу облысында полицейлер 107 жасөспірімді заңсыз жауапкершілікке тартып, айыппұл төлеткен  — прокуратура

    Жетісу облысында полицейлер 107 жасөспірімді заңсыз жауапкершілікке тартып, айыппұл төлеткен  — прокуратура

    Жетісу облысында жүзден астам бала полиция департаментінің қызметкерлері тарапынан орынсыз жәбір көрген, деп хабарлайды  Qazaq.today агенттігі.

    Талдықорған қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру  кезінде кәмелетке толмағандарды әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тарту фактілері анықталған. Кәмелетке толмағандар айыппұл немесе ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    «Осылайша, уәкілетті орган Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) талаптарын бұза отырып, ӘҚБтК-нің 615, 492, 620-баптары бойынша 16-17 жас аралығындағы 107 кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік хаттамалар жасау кезінде қорғаушылардың міндетті қатысуын қамтамасыз етпеген», — деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.  

    Прокуратураның наразылықтары бойынша ішкі істер органдарының жоғарыда аталған қаулыларының күші жойылып, кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды. Қадағалау актілері бойынша 21 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Қазіргі уақытта әкімшілік айыппұлдар шеңберінде ақша қаражатын қайтару мәселесі қаралуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →