Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде •

    Заңсыз автокөлік ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер сотталды

    Заңсыз автокөлік ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер сотталды

    Түркістан облысында заңсыз автокөлік ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер сотталды.

    Кентау қалалық соты лоторея ойынын ұйымдастырған азамат Н-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

    Соттың мәліметінше, жергілікті тұрғын 2024 жылдың маусым айында «Tik Tok» әлеуметтік желісі арқылы арнайы билеттерді сату арқылы автокөліктің ұтыс ойынын өткізген. Билеттерді сату «Kaspi.kz» банк қосымшасы арқылы ақша аударымдары арқылы жүзеге асырылған.

    Сот ұтыс ойынын ұйымдастырған азаматты кінәлі деп тапты.

    “Сот қаулысымен азамат Н әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 258 440 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды”, – делінген сот хабарламасында.

    Еске салсақ, бұған дейін әнші Төреғали Төреәлінің заңсыз лотерея ойнататын блогерлерге қарсы шыққаны туралы жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →