Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп •

    Батыс Қазақстанда 9-сынып оқушысы өзіне қол жұмсаған

    Батыс Қазақстанда 9-сынып оқушысы өзіне қол жұмсаған

    Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында 9-сынып оқушысы асылып өлген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Айболат Бөкеновтің Фейсбук әлеуметтік желісінде жазғанындай, оқиға биылғы мамыр айында Мәстексай ауылында болған. Анасы мен ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, мектептен шығып, асылып өлген қыздың дерегі бойынша ешкім жазасын алмай, жабулы қазан жабулы күйінде қалған.

    БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жасөспірімнің суицид дерегі бойынша Жаңақала ауданы полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізген.

    «Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы зерттеліп, тексерілді. Соның қорытындысына сәйкес қылмыс құрамы болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеу өндірісі тоқтатылды», — деп хабарлады ведомстводан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →