Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды •

    Алматы облысында алаяқтық жасаған дағыстандық ұсталды

    Алматы облысында алаяқтық жасаған дағыстандық ұсталды

    Алматы облысында полиция «қымбат көлігім ұрланды» деп жалған ақпарат берген ресей азаматын ұстады, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары 46 жастағы Дағыстан Республикасының азаматын ұстады.

    «Күдікті қымбат көлігінің ұрланғанын айтып, арызданды. Алайда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ер адамның көлікті сатып, қасақана жалған ақпарат бергенін тез анықтады», – деді Талғар ауданының полиция қызметкерлері.

    Сондай-ақ ұсталған адам бұрын Ресейде осындай әдіспен қылмыс жасағаны анықталды. Сол кезде ол көлікті әдейі өртеп жіберіп, сақтандыру төлемін алған. Содан кейін күдікті осыған ұқсас көлікті сатып алып, алаяқтық жасауды көздеп, Қазақстанға келген.

    Көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →