Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды •

    Санжар Боқаевтың серіктесі: утильалымға қарсылық танытқан белсенді қамалды

    Санжар Боқаевтың серіктесі: утильалымға қарсылық танытқан белсенді қамалды

    Бүгін, 13 тамызда Ақтөбе соты белсенді Еркебұлан Құлбасовты қамауға алу туралы қаулы шығарды. Утильалымға қарсылық танытумен аты шыққан белсендіге сот шешімін орындамады деген айып тағылды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі nur.kz—ке сілтеме жасап.

    Ақтөбе соты 12 тамызда Еркебұлан Құлбасовты 5 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі қаулы шығарды. Оған сот шешімін орындамады, банк алдындағы берешегін өтемеді деген айып тағылды.

    «9 тамызда Ақтөбе тұрғыны Е.Қ. Кулбасовқа қатысты сот орындаушысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Е.Құлбасов қаржы ұйымының талап-арызы бойынша 4 млн теңгеден астам сомада кредит бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін орындамаған. Ол 2021 жылы несие алып, ай сайынғы төлемді төлемеген», — деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

    Айта кетейік, Еркебұлан Құлбасов утильалымға қарсылығымен танылған белсенділердің бірі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →