Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Қазақстанның барлық өңірінде 7 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Қазақстанның барлық өңірінде 7 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды

    Қазақстанда ескі-құсқы көліктер қаптауы мүмкін

    Қазақстанда ескі-құсқы көліктер қаптауы мүмкін

    Фото: iapn.kz

    Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте  айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Тілшілер Ресейде утиль алым мөлшерінің артуы салдарынан елімізде көліктер қымбаттауы мүмкін бе деп сұрады.

    «Әзірге ешқандай да қымбаттау туралы сөз болып отырған жоқ. Әсер етпейді деп ойлаймын. Алайда утиль алымға қатысты көрші елдерде жағдай қалай өрбіп жатқанына назар аударғым келеді. Олар утиль алымнан бас тартып жатқан жоқ, қайта оның мөлшерін арттыруда. Қазақстан утиль алым мен бастапқы алым мөлшері бойынша көрші елдерден айтарлықтай артта қалып қойды», — деп жауап берді министр.

    Қанат Шарлапаевтың сөзінше, баға айырмашылығына байланысты Қазақстанда ескі көліктер қаптауы мүмкін.

    «Олар экологияға зиян келтіреді әрі жолдарда өте қауіпті жағдай туғызады. Мұндай тәуекел бар. Басқа мемлекеттер ескі-құсқы көліктердің келуінен қорғанып жатса, біз ешқандай қорғаныс керек емес деп отырмыз. Осының артуына байланысты ескі-құсқы көліктер Қазақстанға ағылып, азаматтарымызға жолдарда жүру әлдеқайда қауіпті болады деген қауіп бар», — деп нақтылады Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →