Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді •

    Париж -2024: Қазақтың қара маржаны Нора Джеруто алтын жүлдеге таласады

    Париж -2024: Қазақтың қара маржаны Нора Джеруто алтын жүлдеге таласады

    Париж Олимпиадасының финалына жолдама алған Нора Джеруто алтын үшін жарыс жолына шығады.

    Кеше ол финалға жолдаманың жеңіп алған еді. Ол өз тобында мәреге бесінші болып келді. Джерутоның уақыт көрсеткіші – 9:16.46. Өкінішке қарай, осы қашықтықта бақ сынаған Дейзи Джемпекей финалдан сырт қалды. Ол өз тобында мәре сызығын оныншы болып кесті. Джемпекейдің уақыт көрсеткіші – 9:24.69.

    Сонымен бірге жеңіл атлетикадан Давид Ефремов 110 метрге жүгіруден жұбаныш сынында жарысқа шығады.

    Бүгін байдарка мен каноэде ескек есу шеберлері жарысқа қатысады. Ерлер арасында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров, Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий, әйелдер арасында Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова бақ сынайды.

    Грек-рим күресінен 77 келі салмақта Демеу Жадыраев ел намысын қорғайды.

    Спорттық құзға өрмелеудің іріктеу кезеңінде Әмір Маймұратов та күш сынап көреді.

    Бокстан 50 келі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай жартылай финалдық жекпе-жегін өткізеді.

    Тікелей эфирде 6 тамыздан 7 тамызға қараған түні 00:25-те Qazaqstan арнасынан көрсетіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →