Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Дәрігерлер 12 жаста бала босанған қыздың жағдайын айтты

    Дәрігерлер 12 жаста бала босанған қыздың жағдайын айтты

    Кәмелетке толмаған бала жүктілік кезінде үнемі медицина қызметкерлерінің бақылауында болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Павлодар облысының балалар омбудсменінің әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Павлодар облыстық орталығы директорының міндетін атқарушы Инесса Высоцкаяның пікірі жарияланды. Ресми мәлімет бойынша, 19 шілдеде жедел жәрдем бригадасы толғағы бар кәмелетке толмаған баланы перинаталдық орталыққа жеткізген.

    Қыз балаға дереу ота жасалды. Салмағы 3 360 келі, Апгар шкаласы бойынша 9-10 балл қыз бала дүниеге келді. Қазір ана мен бала бірге. Жаңа туған нәресте әзірше жасанды тамақтандыруда, толық тексеруден кейін ол емшек сүтіне ауысады. Ана атанған қыз өзін жақсы сезінеді, әрине, сәбидің де жағдайы жақсы. Қызметкерлер оны бала сияқты күтіп жатыр, барлық жағынан көмектесуге, қолдауға тырысып бағып жүр, — деді Павлодар облыстық орталығы директорының міндетін атқарушы Инесса Высоцкая.

    Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысы Шарбақты ауданында 19 шілдеде  12 жастағы қыз ана атанған еді.

    Фото: Pixabay.c0m

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →