Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Анита Глосс: Күзгі гардеробқа қандай маталарды таңдау керек Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Анита Глосс: Күзгі гардеробқа қандай маталарды таңдау керек Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде

    Мәжіліс сайлауында 12 млн астам адам дауыс береді — ОСК

    ҚР Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында қанша қазақстандықтың дауыс бере алатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 

    «26 ақпанда біз 20 өңірдегі сайлаушылар тізімін алдық және сайлау учаскелеріне тапсырдық. Дәл қазіргі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар сайлау учаскелеріне берген сайлаушылар тізіміне 12 миллион 32 мың 550 азамат енгізілген. Тізімде қайталанған адамдардың жоқтығын және бірнеше дауыс беру орындарына енгізілмегенін тексердік, яғни 12 млн 32 мың 550 бірегей сайлаушы екеніне көз жеткіздік», — деді ОСК отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

    Оның айтуынша, 4 наурыздан бастап азаматтар сайлаушылар тізіміне енгізілген-енгізілмегенін, қате енгізілгенін тексеруге мүмкіндік алады.

    «Бірақ бүгіннің өзінде біз сайлаушылар туралы мәліметтердің барлық массивін цифрлық қорғалған нысанда SMS арқылы белгілі бір сайлау учаскесінде азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізуді ұйымдастыру үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне береміз», — деді басшының орынбасары. деп қосты Орталық сайлау комиссиясы.

    Еске салайық, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы биылғы 19 наурызда өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →