Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 30 шілде 2026 $ 475,4 544,6 5,96
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағанды-Жезқазған жолы: Апатты тасжол мен «ҚазАвтоЖолдың» жамау-жасқауы халықты әбден мезі қылды Теміртауды тышқан басты: Тұрғындар ақша төлеген мердігерлер қайда қарап отыр? «Ойламаған жерден жабысты»: Танымал ақын ауыр дертке шалдыққанын айтты Ақтөбеде такси жүргізушісі жолаушы бойжеткенге тиіскен «Соғысты тоқтатыңыз»: Трамп Зеленскийге үндеу жасады Ақтаудағы Керемет тұрғын үйінің халқы сегіз күннен бері сусыз отыр Қарағанды-Жезқазған жолы: Апатты тасжол мен «ҚазАвтоЖолдың» жамау-жасқауы халықты әбден мезі қылды Теміртауды тышқан басты: Тұрғындар ақша төлеген мердігерлер қайда қарап отыр? «Ойламаған жерден жабысты»: Танымал ақын ауыр дертке шалдыққанын айтты Ақтөбеде такси жүргізушісі жолаушы бойжеткенге тиіскен «Соғысты тоқтатыңыз»: Трамп Зеленскийге үндеу жасады Ақтаудағы Керемет тұрғын үйінің халқы сегіз күннен бері сусыз отыр

    Адам өлтіруге оқталған күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадициялады

    Адам өлтіруге оқталған күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадициялады

    Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан адам өлтіруге оқталған күдікті Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған күдікті 2022 жылы тамызда Теміртау қаласында жәбірленушіге пышақпен дене жарақаттарын келтірген.

    Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеуден жалтарып, халықаралық іздеуге жарияланған.

    2023 жылғы қазанда ол Грузияда ұсталды. Бас прокуратураның сұрауы бойынша Грузия тарапы оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

    Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

    Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →