Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Қазақстанның бес облысында жазғы шинамен жүруге шектеу қойылды • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Қазақстанның бес облысында жазғы шинамен жүруге шектеу қойылды •

    Трампты өлтірмек болған қылмыскер 20 жастағы жігіт болып шықты

    Трампты өлтірмек болған қылмыскер 20 жастағы жігіт болып шықты

    Желіде АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасады деген күдікке ілінген ер адамның видеосы тарап жатыр. Саясаткерге оқ атқан азамат туралы тағы бірқатар ақпарат белгілі болды.

    Бұған дейін ФТБ өкілдері Дональд Трампқа оқ атқан ер адам Пенсильвания штатындағы Бетел-Парк қаласының 20 жастағы тұрғыны Томас Мэтью Крукс екенін анықтаған болатын. CNN-нің хабарлауынша, оқиға орнында көз жұмған жігітте өзінің жеке басын куәландыратын ешқандай құжат болмаған.

    «Сол себепті ФТБ агенттері ДНҚ сараптамасын өткізіп, биометриялық сәйкестікті растау керек болды», — деді ФТБ-ның Питтсбургтегі басқарма басшысы, арнайы мамандандырылған агент Кевин Ройек.

    ФТБ өкілдері сараптамадан кейін Томас Мютью Крукстың есімін атады. Оқиғадан кейін желіде дәл осы атпен өзін таныстырып, республикалықтар мен Дональд Трампты жеккөретінін айтқан ер адамның видеосы тарап кетті. CNN ақпаратынша, Крукс Бетел-парктегі орта мектепті 2022 жылы тәмамдаған. Ол сайлауға дауыс беруде республикалық ретінде тіркелген. Бұл Крукстың дауыс бере алатын дәрежедегі алғашқы президенттік сайлауы болған.

    Оқыс оқиға Дональд Трамптың Пенсильвания штатындағы Батлер қаласында өткен халықпен кездесуінде болған. Арнайы қызмет өкілдерінің хабарлауынша, оқиға салдарынан кездесудің бір қатысушысы көз жұмып, екеуі жараланған. Сондай-ақ оқ Трамптың оң жақ құлағын жаралап, көп қан кеткен. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Трампқа жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді.

    Дональд Трамп қастандықтан кейін желіде мәлімдеме жасады. Ол шұғыл әрекет еткен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғысын жеткізіп, қаза тапқан адамның туыстарына көңіл айтты.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →