Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейде 15 жастағы жасөспірім үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті • Шымкентте төрт айлық баланың башпайлары ампутацияланып, комаға түсті • ҚПЛ клубтарына бюджеттен 31,2 млрд теңге бөлінді: көш басында «Ордабасы» • Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады • «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды: банк бөлімшелерінде кезек түзілді • Ақмарал Әлназарова: Ташкенттегі футболшы балалардың жағдайы тұрақты • Семейде 15 жастағы жасөспірім үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті • Шымкентте төрт айлық баланың башпайлары ампутацияланып, комаға түсті • ҚПЛ клубтарына бюджеттен 31,2 млрд теңге бөлінді: көш басында «Ордабасы» • Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады • «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды: банк бөлімшелерінде кезек түзілді • Ақмарал Әлназарова: Ташкенттегі футболшы балалардың жағдайы тұрақты •

    Қазақстандықтар бақсы-балгерлерге 40 млн теңгедей жұмсаған

    Қазақстандықтар бақсы-балгерлерге 40 млн теңгедей жұмсаған

    2023 жылы Қазақстанда астрологтар, балгерлер мен көріпкелдер 39,1 млн теңге табыс тапқан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл сома тек жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендерге түскен табыс. Ұйымның дерегінше, көріпкелдердің барлығының тіркеліп жұмыс істеуі екіталай, ал сауалнама барлық жеке кәсіпкерлерді қамтымаған, сондықтан табыс бұдан да жоғары болуы мүмкін.

    Ресми деректер бойынша, қызметтердің жалпы көлемінің 38,1 миллион теңгесін халық төлесе, ал 1 миллион теңгені Атырау облысында тіркелген белгісіз ұйым төлеген болып шықты.

    Кәсіпкер тіркелген астрологтардың ең көп табыс тапқан жері Астана қаласы болды. Көріпкелдер Астанада 25,3 млн теңге табыс тапқан. Айта кетейік, мұндай қызметтер 2019 жылдан бері тіркелмеген болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →