Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр

    Оралдағы кофехананың ашылуында халық бір-бірін таптап кете жаздады (ВИДЕО)

    Оралдағы кофехананың ашылуында халық бір-бірін таптап кете жаздады (ВИДЕО)

    Желіде Оралда кофехананың ашылуында түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан ашылу салтанатына жүздеген адамның жиналғанын көруге болады. Кеш жақсы басталғанымен соңында жиналған халық бірін-бірі таптап кете жаздады. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі Stan.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды. 

    Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, аталған жағдайға елімізге танымал блогерлердің келуі себеп болған. Жиналған жұрт арасында жүрген балаларға мән бермей, бірін-бірі басып кете жаздаған. Желі қолданушыларының пікірінше, блогерлер оларға тегін бірдеңе таратқан болуы мүмкін. Алайда бұл туралы нақты ақпарат жоқ.

    Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оқиға 28 маусым күні сағат 18:00-де болған.

    «Қадыр Мырза-Әлі шағынауданында танымал блогерлердің қатысуымен кофехана ашылды. Шараға Орал қаласының 200-ге жуық тұрғыны келді. Полиция қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Іс-шара барысында қылмыс болған жоқ. Сондай-ақ зардап шеккендер жоқ», – деді полиция.

    Дегенмен пікір білдірушілердің көбі шараны ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылуы керек деп есептейді. Өйткені олардың ойынша, төбелес кезінде адамдар зардап шегуі мүмкін еді.

    Фото: Видеодан кадр

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →