Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    «Шай қойып жатқанда қылқындырған». Ақтөбеде экс-әйелін өлтірген ер адам сотталды

    «Шай қойып жатқанда қылқындырған». Ақтөбеде экс-әйелін өлтірген ер адам сотталды

    Фото: El.kz

    Ақтөбеде экс-әйелін қылқындырып өлтіріп, денесін балалардың ортасына тастап кеткен 27 жастағы ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Адам өлтіру» бабымен тергелген іске үкім шықты. Айыпталушы Х. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 11 жылға сотталды, деп жазады El.kz.

    Сот жәбірленуші тараптың 25 млн теңге өндіріп алу туралы талап арызын ішінара қанағаттандырды.

    Жәбірленуші тарап сот үкімімен келіспейтінін айтты. Олар сотталушының әкелік құқынан айыруға арыз түсіретінін айтты.

    Айта кетейік, марқұм 26 жаста болған Айбанудың артында 6,5,3 жастағы балалары қалды. Қайғылы оқиға Темір ауданы Шұбарши ауылында болған. Бұрынғы күйеуі Айбану Сағымбаеваны тыныс алуы тоқтағанға дейін 2 минут аралығында оң қолымен тұншықтырып, қысып ұстаған. Сот-медицина сараптама қорытындысына сәйкес әйелдің қайтыс болуы себебі механикалық асфиксия деп танылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →