Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты • Жайдарманнан мәслихатқа дейін: Белгілі жайдарманшы депутаттыққа үміткер атанды • Шымкентте күрес шеберін ұрлап өлтірген алты адам сотталды • Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды • «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді • Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты • Жайдарманнан мәслихатқа дейін: Белгілі жайдарманшы депутаттыққа үміткер атанды • Шымкентте күрес шеберін ұрлап өлтірген алты адам сотталды • Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды • «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді •

    Алматы облысының тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды

    Алматы облысының тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды

    Фото: freepic

    Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелді және оның екі баласын өлтірді, қылмысты жасыру үшін үйін қасақана өртеп жіберді және мүлікті ұрлады деген айып тағылған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Сотта анықталғандай, ер адам мас болып, бірге тұратын әйел мен оның кәмелетке толмаған екі баласын пышақтап өлтірген. Содан кейін үйдің есігін сыртынан құлыптап, қашып кеткен. Бір күннен кейін ол қылмыс орнына қайта барып, жәбірленушінің 40 мың теңгесін ұрлап, кісі өлтіру ізін жасыру үшін олардың үйін өртеп жіберген.

    «Сотталушының кінәсі іс материалдарымен, куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және сотта расталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген. Сот оны тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген сот хабарламасында.

    Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Еске салайық, 14 қыркүйекте Алматы облысында өрт сөндірушілер 42 жастағы әйел мен оның 13 және 8 жастағы балаларының денесін анықтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →