Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жайдарманнан мәслихатқа дейін: Белгілі жайдарманшы депутаттыққа үміткер атанды • Шымкентте күрес шеберін ұрлап өлтірген алты адам сотталды • Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды • «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді • Қазақ жігіті Америкалық телеарнаға басшылық қызметке тағайындалды • Жайдарманнан мәслихатқа дейін: Белгілі жайдарманшы депутаттыққа үміткер атанды • Шымкентте күрес шеберін ұрлап өлтірген алты адам сотталды • Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды • «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді • Қазақ жігіті Америкалық телеарнаға басшылық қызметке тағайындалды •

    Ақтөбеде төбелестен бір адам көз жұмды

    Ақтөбеде төбелестен бір адам көз жұмды

    Фото: pixabay

    Ақтөбеде 18-22 жастағы жігіттер төбелесіп, бір адам аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    Оқиға мамырдың 27-нен 28-іне қараған түні болды.

    Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе қаласындағы ауруханаға оқ және пышақ жарақатын алған бірнеше адам жеткізілген.

    18-22 жас аралығындағы жігіттер Ақтөбе қаласы Мал базары аумағында төбелескен.

    «Ауруханаға жеткізілгендердің бірі алған пышақ жарақатынан реанимация бөлімшесінде қайтыс болды. Полиция осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт адамды «ізін суытпай» анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру және бұзақылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық істі тергеу барысы Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының жеке бақылауында», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →