Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды

    Түркістандағы тұрғын үйлердің бағасы Қазақстан бойынша ең төмен

    Түркістандағы тұрғын үйлердің бағасы Қазақстан бойынша ең төмен

    Түркістан қаласындағы тұрғын үйлердің бағасы бүкіл Қазақстан бойынша ең төмен болып саналады. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Оразбеков Байдула айтты, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Соңғы 2024 жылы да бұл сала бәсеңдеген жоқ. Түркістанда қазір 397 көпқабатты үй болатын болса, оның 149-ы осы соңғы жылдары пайдалануға берілген. Қазіргі таңда бюджет есебінен салынып жатқан 32 үйдің құрылысы жүріп жатыр.

    «Сіздердің алдарыңызда тұрған нысан бес қабатты жиырма үйдің құрылысы жүріп жатыр. Әр үйде қырық пәтер бар. Жалпы жиырма үйде сегіз жүз пәтердің құрылысы жүріп жатыр. Қырық пәтірдің жиырмасы үш бөлмелі, бір бөлмеден он пәтер, ал екі бөлмеден он пәтер бар. Одан бөлек жеке инвесторлардың есебінен де тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Тұрғын үйлердің сапасына келетін болсақ, барлығы құрылыс талаптарына сай сапалы материалдан салынып жатыр. Барлық үйлер 75-80% дейін біткен. Үйлерді осы тамыз айында бітіреміз деп жоспарлап отырмыз» дейді қала әкімінің орынбасары.

    Құрылыс жұмыстары аяқтағаннан кейін баттандыру жұмысы басталады. Үйлер Отбасы банк арқылы сатылатын болады. Бұрын әр кв метріне 180 мың теңгеден сатылған болса, қазір 220 мың теңгеден сатылады. Түркістан қаласындағы тұрғын үйлердің бағасы бүкіл Қазақстан бойынша ең төмен болып саналады.

    Қазіргі таңда, Түркістан қаласында тұрғын үй кезегіне 17 мыңға жуық азамат мұқтаж ретінде тіркелген. 2023 жылдың қорытындысымен кезекте тұрған азаматтарға 684 пәтер беріліп, жалпы 3 жылда кезекте тұрған азаматтарға 1518 пәтер кілті табысталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →