Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АЕК — «Реал»: Чемпиондар лигасы матчының тікелей трансляциясы • Қазақстан жасанды интеллект саласында Еуропа мен Азия арасындағы орталыққа айналуы мүмкін • Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • АЕК — «Реал»: Чемпиондар лигасы матчының тікелей трансляциясы • Қазақстан жасанды интеллект саласында Еуропа мен Азия арасындағы орталыққа айналуы мүмкін • Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды •

    Қытай қазақтарының көшпенді өмірі туралы фильм Еуропада көрсетіледі

    Қытай қазақтарының көшпенді өмірі туралы фильм Еуропада көрсетіледі

    Қытай қазақтарының көшпенді өмірі туралы «Дәуір ағысында (Fade Away Pastoral)» атты фильм Берлинде көрсетілді. Бұл фильм Еуропада арнайы көрсетілімін «Little Monster Entertainment» медиа компаниясының қолдауымен бастады деп хабарлайды Chinanews.com.cn сайты.

    Көрсетілімнен кейін, көптеген еуропалық көрермендер Шыңжаң туралы фильмді алғаш рет көріп, көшпенді қазақтардың өмірімен алғаш рет танысқанын айтты.

    «Дәуір ағысында» фильмі 2018 жылы Қытайда алғаш рет көрсетіліп, 2019 жылдың 12 сәуірінде прокатқа шыққан. Фильм «Үздік кинематография», «Үздік туынды», «Үздік ер актер» және «Үздік ауыл тақырыбындағы фильм» номинацияларын жеңіп алған.

    Фильмде қытай қазақтарының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан көшпенді өмірі бейнеленген. Соңғы 40 жылдағы өміріндегі өзгерістерді шынайы деректерді және жартылай сюжеттік әдісті пайдалана отырып суреттейді. Жылдың төрт мезгілінің ауысуы прозалық баяндау мен поэтикалық кино тілі арқылы, малшылардың қуанышы мен мұңын айшықтап, көрерменге табиғаттың әсем көрінісін ұсынады.

    Фильмнің басты және қосымша рөлдерін негізінен қазақ актерлер сомдаған. Төрт жылға созылған түсірілімге 10 мыңға жуық қарапайым қазақ тұрғындары қатысып, 300 мыңға жуық мал пайдаланылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →