Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АЕК — «Реал»: Чемпиондар лигасы матчының тікелей трансляциясы • Қазақстан жасанды интеллект саласында Еуропа мен Азия арасындағы орталыққа айналуы мүмкін • Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • АЕК — «Реал»: Чемпиондар лигасы матчының тікелей трансляциясы • Қазақстан жасанды интеллект саласында Еуропа мен Азия арасындағы орталыққа айналуы мүмкін • Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды •

    Шымкентте есірткі курьері қылмыс үстінде оңбай ұсталды

    Шымкентте есірткі курьері қылмыс үстінде оңбай ұсталды

    Шымкентте есірткі жасырумен айналысқан ер адам ұсталды. Күдікті полицейлерге бағынбай, қашып кетуге тырысқан. Бірақ тәртіп сақшылары оның соңынан қуып, қамауға алды.

    Қала тұрғынынан аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткі тәркіленді.

    Полицейлер есірткі курьерін Қаратау ауданындағы рейд барысында қала көшелерінің бірінен қылмыс үстінде ұстаған.

    Ер адамнан 36 орама мефедрон табылды.

    «Ұсталған азаматтың интернет арқылы оңай „жұмыс“ тауып, қала аумағында есірткі қойып кетумен айналысқаны анықталды. Ал жасырын орындар туралы ақпаратпен ол мессенджерде бөлісіп отырған. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», -деді қалалық полиция департаменті.

    Бұған дейін Шымкент полицейлері синтектикалық есірткінің 2 мыңнан астам дозасының қала аумағында таралуының алдын алған болатын.

    Есірткі сатушыны жедел уәкілдер Абай ауданының аумағында ұстады.

    Оның жалдамалы пәтерін тексеру кезінде есірткіні өлшеп орауға арналған таразы, изолента, «термоусадка», гриппер-пакеттер, сонымен қатар аса ірі мөлшердегі мефедрон табылды.

    Ер адам интернет-мессенджер арқылы есірткі салынған пакеттер жасырылған орындар туралы ақпарат алып, оларды бір реттік дозаларға бөліп, өткізумен айналысқан.

    Аталған қылмысты жасағаны үшін 34 жастағы күдікті он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Еске салсақ, Атырауда 1 келіден астам синтетикалық есірткі сатпақ болған екі күдікті қамауға алынған болатын.

    Облыстық полиция департаменті мәлім еткендей, күдіктілер Тараз қаласынан келген.

     

    Дереккөз: ҚазАқпарат

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →