Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлем үшінші дүниежүзілік соғысқа байқаусыз жақындап бара ма? Financial Times талдауы • Қостанай облысында екі шетелдік заңбұзушы елден шығарылады • Қазақстан семсершілері әлем кубогының финалына шықты • Балқаш көлінде қозғалтқышы істен шыққан қайықтан екі балықшы құтқарылды • Қазақстандық гимнасттар Роттердамдағы әлем чемпионатының финалына шықты • Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды • Әлем үшінші дүниежүзілік соғысқа байқаусыз жақындап бара ма? Financial Times талдауы • Қостанай облысында екі шетелдік заңбұзушы елден шығарылады • Қазақстан семсершілері әлем кубогының финалына шықты • Балқаш көлінде қозғалтқышы істен шыққан қайықтан екі балықшы құтқарылды • Қазақстандық гимнасттар Роттердамдағы әлем чемпионатының финалына шықты • Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды •

    Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Рим турниріне қатысудан бас тартты

    Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Рим турниріне қатысудан бас тартты

    Фото: Robert Prange/Getty Images 

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінде өткен жылғы чемпиондық атағын қорғаудан бас тартты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бұған теннисшінің ауырып қалғаны себеп болған. Е.Рыбакина бүгін екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 161-орында тұрған румыниялық Ирина Бегумен ойнауы керек еді. Енді оны франциялық Осеан Доден алмастырады.

    Осылайша, Елена Рыбакина Римде чемпиондық атағына қоса өткен жылғы рейтингілік ұпайынан айырылды.

    «Биыл Рим турниріне қатысудан бас тартуыма байланысты өкініш білдіремін. Жарысқа түсу үшін өзімді ойдағыдай сезіне алмай тұрмын. Өткен жылғы додадан жақсы естеліктер қалды. Мен өз титулымды қорғауды тағатсыздана тостым. Рим – мен үшін ерекше қала. Енді чемпиондық атағымды қайтару және италиялық жанкүйерлер алдында ойнау үшін келесі жылды күтемін», — деді қазақстандық теннисші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →