Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО) 3 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында жеңілдетілген несиені жымқырғандар сотталды Жаңа адамдар қозғалысы Қазақстан Жастар кеңесін құруды ұсынды Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО)

Биыл шегірткемен күреске 8,1 млрд теңге бөлінді

Биыл шегірткемен күреске 8,1 млрд теңге бөлінді

Фото: Pixabay

Биыл шегірткемен күреске 8,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«Шегірткемен күреске ерекше назар аудару керек. Былтыр таралу аумағы ұлғайған еді, биыл 2,5 млн га алаңда химиялық өңдеулер жүргізу жоспарлануда. Осы жылы Ақтөбе облысында 784 мың гектар, Қостанай облысында 775 мың гектар және Түркістан облысында 272 мың гектар алаңда шегіртке таралады деп күтіліп отыр. Қазіргі кезде күреске қажетті барлық ресурс бар», — деп сендірді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, шегірткелермен күресу үшін пестицидтер қоры сатып алынды, деп жазады kaz.inform.kz.

«Биыл үйірлі шегірткемен күресуге республикалық бюджеттен 8,1 млрд теңге бөлінді. Өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті техникалар жеткілікті. Сонымен қатар шекара маңындағы аумақтарда шегірткелер жағдайы қадағалауымызда болады. Өткен жылғы жағдай қайталанбауы үшін әкімдіктер шегірткеге қарсы күрес мәселелеріне өте мұқият және жауапкершілікпен қарауы керек», — дейді ведомство басшысы.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика