Шымкентте салоннан өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды
Фото: видеодан скрин
Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Қонаев даңғылында 12 қабатты тұрғын үйдің ішінде орналасқан СПА-салоннан өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, ғимараттың жоғарғы қабаттарынан 14 адамды, оның ішінде 9 баланы эвакуациялады.
Өрт 28 шаршы метр аумақта сөндірілді. Құтқарушылар жалынның одан әрі таралуына жол бермеді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
